woman_university
Сәулет
Гоголь көш., 114

Кезінде М.О. Әуезов; «Жаратқан ием қаласа бұл институт қазіргі және болашақ қазақ қыздарыны үшін білім Ордасы болады.

Оты ешқашан сөнбесін!», - деген. Институт тарихы қатаң және сұрапыл соғыс жылдарымен қабаттас келіп, 1944 жылдан басталды. Жоғарғы оқу орнының басты мақсаты алыс аймақтардағы қыздарды жоғарғы білім алуға ынталандыру болды. Институттың ашылуын Отанымыздың даңқты ұлдары Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров және басқалар қызу құптады. Олардың көбісі университет қабырғасында сабақ берді. Гоголь көшесі 161, 114, мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттар XX ғасырдың 40-50-ші жылдары салынып, Қазақстан Республикасының бірегей жоғарғы оқу орындары ғимараты ретінде салынған нысандардың алғашқыларының бірі болып табылады. Бірінші ғимарат 1939 жылы сәулетші В. Бычковтың жобасы бойынша соғыс жылдары алдындағы архитектура классикасының әдістері қолданылып салынды. Көше құрылысының қызыл шебінен едәуір шегініспен орналасқан екінші корпус 1954 жылы сәулетшілер В. Бирюков пен В. Брандтың жобасы бойынша салынып, оқу мекемесі архитектурасының соғыстан кейінгі онжылдықтағы «ұлттық» стилі шешімінің үлгісі болып табылады.