КИНОФОТОҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ДЫБЫС ЖАЗУЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ

  • Басты бет
  • /
  • КИНОФОТОҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ДЫБЫС ЖАЗУЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
Alt
Сәулет

Құжатқа айналған ескі фотосуреттер, кинотаспалар, дыбыс жазулар – өмір сәттері.

1943 жылы құрылған мемлекеттік мұрағат Абай даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан. Онда еліміздің тарихының куәсі болып табылатын бірегей фотосуреттер мен кинотаспалар сақталған. «Шығыскино» студиясы және «Межрабпром» кинотрестінің операторлары түсірген «Қазақтардың өмірі мен тұрмысы» (1927), «Алматы – Қазақстан астанасы» (1929), «Түрксіб» (1930) деректі очерктары ерекше құнды болып табылады. Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері, еңбек ерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері туралы түсірілген «Тұрар Рысқұлов», «Әлия», «Дина», «Амангелді Иманов», «Мәншүк», «Талғаттың биік аспаны», «Мәжит Бегалин», «Сәкен Сейфуллин» сияқты фильмдер бар. Бүгінгі күнге мұрағат қорында магнитті дыбыс жазуларға, граммофон күйтабақтарына түсірілген 30 мыңға жуық деректі, ғылыми-көпшілік фильм, 250 мың фотоқор негативі және 15 мың бірлік фоноқұжаттар сақталған. Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттау жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мұрағаттың барлық киноқұжаттары дәстүрлі таспалы тасығыштардан заманауи сандық тасығыштарға ауыстырылған. Ұлттық мұрағат қорын толықтыру мақсатында бастамашылық құжаттау белсендірілуде.