ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ

  • Басты бет
  • /
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ
alma-ata-5
Сәулет
Абай көш., 168
09:00–20:00

Кітап – мәдениет негізі.

Кітапханалар әрқашанда қоғамдағы ең талап етілген мекемелердің бірі болған және бола береді. Тек қана Жетісу өңірі емес, бүкіл Түркістан өңірінің ірі әкімшілік және мәдени орталығы болған Верный қаласында да ХХ

ғасырдың басында алғашқы мәдени-ағарту мекемелері пайда болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тарихы Верный қалалық Думасының шешімімен қалада алғашқы оқу үйі ашылған 1910 жылдан басталады. 1920 жылдан бастап ол Л.Н. Толстойдың атында, ал 1937 жылдан бастап А.С.Пушкин атында болды. «Ұлттық» мәртебесіне кітапхана 1991 жылы ие болды. Ежелгі руна, араб, қазақ, орыс және басқа тілдердегі кітап пен қолжазбалардың қоры бірегей. Ахмед Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Кашқари, Абай Құнанбаев, Ыбрай Алтынсариннің шығармаларының түпнұсқалары кітапхана коллекциясының мақтанышы болып табылады. «Құранның» революцияға дейінгі басылымдарын каллиграфияның үлгісі деуге болады. Қазіргі уақытта кітап қорында 6,6 миллионан астам сақтау бірлігі бар. Жыл сайынғы келушілер саны 1 миллион адамнан астам.

Оқырмандарға 1500 орындық 14 мамандандырылған залдарда қызмет көрсетіледі. 1970 жылы арнайы жоба бойынша салынған Ұлттық кітапхана ғимараты Абай даңғылы, 14 мекенжайы бойынша Абылай хан даңғылын тұйықтап орналасқан. Ғимарат республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Бірегей жобаның авторлары сәулетшілер В. П. Ищенко, К. Н. Кальной, В. Н. Ким, Е. Кузнецов, инженерлер В. Ангельский, А. Деев, Г. Стулов болды.