ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ (ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ҮЙІ)

  • Басты бет
  • /
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ (ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ҮЙІ)
Alt
Сәулет
Абылай Хан көш., 105

Абылай хан даңғылы, 105 мекенжайы бойынша орналасқан.

Бұл әдебиет сарайында Қазақстанның 750 кәсіпқой әдебиетшілерін біріктіретін қоғамдық шығармашылық ұйымның басқармасы орналасқан. Жазушылар үйінің шаңырағы астында М. Әуезов («Абай жолы), С. Мұқанов («Ботагөз»), Ә. Нұрпеиісов («Қан мен тер»), О.Сүлейменов («Азъ и Я») сияқты қазақ әдебиетінің классиктері қызмет жасаған. Ол 1955 жылы сәулетшілер А. Леппик пен А. Ивановтың жобасы бойынша салынған. Бастапқыда ғимарат ҚазКСР Сыртқы істер министрлігіне арналған болатын, бірақ басқа қожайындарын тапты. 1972 жылы сәулетші И. Щевелеваның жобасы бойынша ғимаратқа конференц-зал мен «Қаламгер» кафесі жалғастыра салынды. Кесек тас фундаментті кірпіштен қаланған үш қабат ғимарат азаматтық және қоғамдық архитектураның үлгісі болып табылады. Жазушылар Одағы үйінің сәулетті ғимаратының көше жақ бетінде шағын ризалит (ғимараттың фундаменттен төбеге дейінгі қасбеттің негізгі шебінен шығыңқы бөлігі осылай аталады) бар, негізгі есігін үшбұрышты фронтонды ұстап тұрған алты бағаналы діңмаңдайша ерекшелеген.