Alt
Табиғат

Қаскелең шатқалы Алматы қаласынан батыс жаққа қарай 25 шақырым жердегі Іле Алатауының оңтүстік жоталарының баурайындағы Іле-Алатауы Ұлттық табиғи саябағының бір бөлігі болып табылады.

Бұл жерде таза ауамен кең тыныс алып, табиғатты оңаша сүйсініп, жан жарасымын табуға болады. Қаскелең шатқалы Іле Алатауының батыс жағындағы ең алыстағы көрнекті жері. Бұнда таулар төмендеген тұстарда аралас ормандар мен жеміс беретін шоқтарға айналатын қылқан жапырақты ну орман өседі. Шатқалдың табиғаты өсімдік әлемімен таң қалдырады. Бүкіл Тянь-Шань бойынша шыршалы жас шыбықтар сирек кездеседі, ал бұнда шыршалы жас ағаштар өте көп және бөрікарақат, өрік, долана, жабайы алмалар мен өрік ағашы молынан өседі. Шатқалдың басты көзге көрінерлік жері болып мінсіз дөңгелектенген пішіні бар жоталардың бірінде орналасқан Үй Тас атты тас заңды түрде есептеледі. Бұл жерде салмағы 500 тонна орасан зор қойтастың қалай пайда болғанын ешкім түсіндіре алмайды, өйткені төңіректе бұдан басқа бірде-бір тас жоқ. Оны ерте замандағы көшпе мұз алып келген деген болжам бар, жұрт оны қасиетті деп қадір тұтып, әртүрлі салт жасаған. Бұндай тас басқа еш жерде кездеспейді.                  

Сондай-ақ, Қаскелең шатқалында марал фермасы мен алабалық шаруашылығы бар. «Анаға құрмет» мұражайында ұлттық мәдениетпен, Тәлімбақта сирек кездесетін және үй өсімдіктерінің бай жинақтамасымен танысуға болады.        

Қаскелең шатқалына демалысқа барсаңыз өзіңізбен су, тамақ және бас киім мен жоғары SPF қорғаныш крем алуды ұмытпаңыз. Іле-Алатауы Ұлттық табиғи саябағына кіру ақылы. Экопосттан жоғары Қаскелең орман шаруашылығының тағы екі шлагбаумы бар. Сондықтан, әрі қарай жаяу жүргеніңіз жөн болады, өйткені кіру үшін екінші рет төлеуге тура келеді, ал үшінші шлагбаумға дейінгі жол асфальттанбаған. Соңыңызда қоқыс қалдыруға және жергілікті мекендеушілердің мазасын алуға қатаң тиым салынған, өйткені Қаскелең шатқалы өзінің жаратылыстағыдай тазалығымен белгілі. Шатқалда саңырауқұлақтың алуан түрі кездеседі, арасында улысы да болуы мүмкін. Сақ болыңыздар!

Қалай баруға болады

Қаскелең шатқалына баратын бағыт Саин және Жандосов көшелерінің қиылысынан басталып, Қаскелең жоларнасына қарай жүреді. Экопостқа дейінгі жол қашықтығы 23 шақырым. Одан кейін 300-500 теңге көлемінде төлеп жаяу жүру керек. Көлігіңізді экопосттың алдындағы тегін автокөлік тұрағында қалдыруға болады. Қаскелең шатқалына қоғамдық көлік көтерілмейді, сондықтан тек қана экскурсия ұйымдастыратын туристік фирмалар арқылы немесе жеке автокөлікпен барғаныңыз жөн. Ұзақ трекингке баратын болсаңыз шекара аймағына рұқсат құжат алу керек, өйткені Қаскелең шатқалы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасына жақын жерде.

Қызықты деректер

Алматы облысының негізгі бағдарлары мен көрнекті жерлері Іле Алатауының шығыс жағында орналасқан, сондықтан оның батыс жақ бөктеріне адам аз барады, бірақ табиғатқа қызығушылар үшін ол жақ көз тартарлық.   

Таң қалдыратыны, Үй-Тас тасының  бетінде бірде-бір жарық жоқ, жып-жылтыр.

Қаскелең шатқалында «Ақсу форель» шаруашылығы орналасқан.. Балық аулауға әуесшілдер үшін арнайы тоғандар бар, ал ұстаған балықтарыңызды жергілікті мейрамхананың аспазшылары сіздерге шын көңілден дайындап береді.

Қаскелең өзені екі тармақтан құрылған: егер сол жақтағысымен жүрсеңіз Ыстықкөл өзеніне шығуға болады, ал оң жақ тармағымен Құқылықбасы (3920 м), Аққұм (4098 м), Тұр (4350 м)  шыңдарына шығып, бұлттардан биік жерде боласыз.