pamyatnik_gani_muratbaevu
Ескерткіштер

Ғани Мұратбаев (1902-1925) өз заманының нағыз лайықты ұлы болды. Оның қысқа да жарқын, оқиғаға толы өмірі сол қилы заманның өзіндік символы болып табылады.

Ол Қазақстанның бірінші комсомолы болды, комсомол ұйымын басқарды, аштыққа және сауатсыздыққа қарсы күресті. Февраль, одан кейін Октябрь революциялары болған кезде Ғани небәрі он бес жаста болатын. Ол оқуын тастап, туған ауылына барып, онда совет үкіметін құруға белсенді қатысты. Бала кезінен бастап ол бүкіл жер шарында әлеуметтік теңдік орнату идеясына жан-тәнімен беріліп, өзінің қысқа өмірін соған арнады. Бақытсыз балалық, ғаріптік Ғаниді ауруға шалықтырды. Белгілі қоғам қайраткері, романтик, сезімтал жан өз көкейтесті арманына жетпей, 23 жасында өмірден озды. Оған Қазақстан музыка өнерінің майталмандары Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Тұманбай Молдағалиев өлеңдерін арнаған. Республикамыздың көптеген қалаларының көшелеріне Ғани Мұратбаевтың аты берілген. 1985 жылы Алматыдағы Оқушылар сарайының аумағында Ғани Мұратбаевқа ескерткіш орнатылды. (Достық даңғылы, 124). Ол мүсіншілер Т. С. Досмағамбетова, О. Г. Прокопьеваның жобасы бойынша қоладан орындалып, гранит тұғырына орнатылған. (сәулетшілер Ш. Е. Уәлиханов, А. С. Қайнарбаев). Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,7 метр