arasan
Сәулет
Гоголь көш., 75
7:00-23:30

Дамыған орта ғасырлар дәуірінде Шығыста адамдар ең көп баратын жер... монша мен мешіт болған.

Ислам дінінің қағидаларына сәйкес сенушілер тек дәрет алғаннан кейін ғана ғибадат қыла алады. Сондықтан Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалаларда көптеген монша болған. Моншаның әрбір бөлмесіндегі температуралық жағдай мен ауаның ылғалдылығы өзіндік болып, жылу жолының, желдету шахтасының, қыздырғыш және салқындатқыш бөліктердің күрделі жүйесімен сақталып тұрғаны көңіл аударарлық. Біздің уақытқа дейін бұндай бір монша ғана Түркістанда сақталған. Алматыдағы «Арасан» сауықтыру кешені де соның аналогы бойынша салынып, онда монша салудың ежелгі дәстүрлері сақталған.

Он екі павильонында демалыстың толық бағалы инфрақұрылымы орналасқан ғимарат ұлттық стильде безендірілген сәулет ескерткіші болып табылады және мемлекеттің қорғауында. XX ғасырдың 80-90 жылдарында «Таңғажайып су әлемі» экскурсиясы көпшілікке ерекше танымал болған, дәл сол кезде «Алматының «Арасанында» болған Мәскеудің Үлкен театрына барғанмен пара-пар» деген афоризм пайда болды.

Задында, ішкі бөлмелердің құрылысы мен әрлеуінде материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінген. Кафель мен әйгілі метлах тақтасы Чехословакия мен Болгариядан жеткізілген. Жуынатын залдардың қабырғалары әсем керамикалық мозаикамен безендірілген. Шығыс моншаларының едендері мен суфалары гигиеналық қасиеттеріне және жылу жинақтайтын қабілеттілігіне байланысты табиғи мәрмәр таспен өңделген.

Ғимарат 1982 жылы пайдалануға берілген. Жоба авторлары: сәулетшілер В. Т. Хван, М. К. Оспанов, конструкторлар В. В. Чичелев, К . В. Төлебаев.