16246429
Сәулет
Желтоксан, 121
24/7

Бұл жерде 30-шы жылдары өзінің тұрушыларымен әйгілі болған № 4 қонақ үйі салынған.

20 жыл бойы бұнда Алматыға эвакуацияланған немесе іс-сапарға келген мәдениет және ғылым қайраткерлері ұзақ уақыт тұратын. Бұл бара-бара қонақ үйі атқарымының өзгеруіне апарып соқты: ол бірқилы коммуналдық үйге айналды. 50-ші жылдары қабырғаларының ескіргендігіне байланысты құрылыс құлатылған болатын. Қонақ үйінің жаңа ғимараты ХХ ғасырдың 50-ші жылдары аяғында Мир даңғылында (Желтоқсан көшесі, 121 мекенжайы бойынша) салынды. Сәулетші В. Твердохлебовтың жобасы бойынша ол көше бойымен созылып, оның құрылысының қызыл шебінен сәл шегініспен салынған. Тікбұрышты үш қабат құрылыс қасбетінің безендіруінде екінші қабат балкондарының жабындарын тіреп тұратын бағандар қолданылған. Бірінші қабатында Сыртқы істер министрлігінің ведостволық қонақ үйі болды. 90-шы жылдары ол қонақ үйі ісін жалғастырған бутик-отель «Амбасадор» болып пішінін өзертті. Мейманхана қонақтары классикалық

стильде безендірілген және жеке кондиционер, жерсеріктік телевидение, мини-бар, Wi-Fi, телефонмен жабдықталған 45 нөмірге орналастырылады. Сондай-ақ, қонақ үйінде лобби-бар және ресторан бар.