zdanie_prezidiuma_verhovnogo_soveta_kazssr
Сәулет
Абылай Хан көш., 97

Бұрынғы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының ғимараты 1937 жылы сәулетшілер М. Д. Шугала мен В. В. Бирюковтың жобасы бойынша салынған.

Қаланың ірі даңғылдарының бірінде көтеріліп тұрған алып ғимаратта Кеңестер кезеңінде ұзақ уақыт бойы Қазақстанның жоғарғы заң шығарушы органы болып есептелген ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы жұмыс істеген.

Үш қабатты «Г» әрпі тәрізді құрылыс қаланың орталық бөлігінің архитектуралық ансамблінде маңызды рөл атқарады. Ғимараттың бұрыштық бөлігі 4 бағанадан және жанама пилоннан құрылған діңмаңдайшасымен ерекшеленеді. Жақтауы еңбек және жауынгерлік айбын нышаны болып есептелетін соғысқа дейінгі алғашқы бесжылдықтардың горельефті суреттерімен безендірілген (мүсінші А. Крошин). Алматы қала құрылысының тәжірибесінде бұл тәрізді безендіру алғашқы рет қолданылып, ғимараттың жеңіл танылатын белгісі болды. Бұл жерде Т -26 советтік танкін, үш линиялы винтовка ұстаған қызыл әскерді, табиғат сыйларымен толтырылған себет көтерген бұлшықетті колхоз әйелдерін көруге болады. Еңбек соцреализм бағытында орындалған.

Қазіргі уақытта бұл ғимаратта Алматы қаласы Қаржы басқармасы орналасқан.