pamyatnik_abylai_hanu
Ескерткіштер

Абылай (1711-1781) – Қазақ хандығының ұлы ханы.

Абылай ханның даналығы мен әділеттілігі халықтың көңілін тапты. Өзі айбынды жауынгер бола тұрып, Аңырақай шайқасы кезіндегі жекпе-жекте жоңғар батыры Шарышты жеңеді. Жеңімпаз қолбасшы, көреген саясаткер, ол XVIII ғасырда Қазақ хандығы жерлерін біртұтас мемлекетке біріктіріп, оны сыртқы жаулардың шапқыншылығынан қорғап, тәуелсізділігін сақтады. Абылай хан ескерткіші 2000 жылдың 16 желтоқсан күні «Алматы-2» вокзалының бас есігіне қарсы вокзал алаңында орнатылған. Авторлық ұжымның басшысы С. Баймағамбетов, мүсінші Қ. Сатыбалдин, сәулетшілер Т. Ералиев, З. Баймағамбетов, В. Сидоров, конструктор М. Еркенов болды, құю жұмыстарын жүргізген А. Волков. Абылай ханның тұлғасы қоладан құйылған, бейнесі ширақ және әсершіл. Хан бай безендірілген киім киіп әскери жабдықпен ат үстінде көрсетілген. Оң қолына ұстаған жезлдің өктем қимылымен ол тек қана алдыға жылжуға шақырады. Монумент Абылай ханның мәртебесін, оның билігі мен айбындылығын көрсетіп, биік гранит тұғырда орнатылған. Ескерткіш Алматы қаласының монументалдық өнері үлгісінің айқын үлгісі болып табылады.