Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

  • Басты бет
  • /
  • Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
 gatob
Театрлар
көш. Кабанбай батыра, 175
10:00 - 18:00

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бұкіл әлемге әйгілі кеңестік балерина Галина Уланова жұмыс істегенін білесіз бе?

Кейде Екінші дүниежүзілік соғыс сияқты ең жойқын оқиғалар да нағыз ғажайыптар туғызады. Дәл сол қасіретті жылдарда Алматыға КСРО-ның бүкіл театр және кино майталмандары эвакуацияланды. Сергей Эйзенштейн осында "Иван Грозный" фильмін түсірді. Галина Уланова театр сахнасында би билеп, Алматы хореографиялық училищесінде сабақ берген. Тіпті қазірдің өзінде, талай жылдар өтсе де, балеринаның есімі оның МАОБТ сахнасында дирижер Пирадов Владимирмен бірге қойған «Жизель» спектаклімен ассоциацияланады.

Театр қазіргі уақытқа дейін өз көрермендерін таң қалдырып келеді. 2015 жылы театрдың тарихына «Ұлы дала аңыздары» және «Кармен» атты екі жаңа қойылым енгізіп жазылды. Онда «Кармен» операсының бас кейіпкерлері қазіргі өмірге ауысып, сахнада мотоцикл көрінеді, оның сыртында, жаңа технология, көз тартатын декорация және сахналық арнайы әсерлер қолданған. Ал өзіндік «Ұлы дала аңыздары» балеті белгілі қазақ сазгерлерінің музыкасының ұлттық бояуымен қаныққан.

Тарих:

Театрдың бірінші қойылымы 1934 жылы болып өткенімен, МАОБТ тарихы Алматыда музыкалық студия құрылған 1933 жылдан басталады. Дәл сол кезде бүкілодақтық конкурс жарияланып, театрдың жаңа ғимаратының жобасы белгіленді. Құрылыс 1936 жылы басталып, арада бір жыл өткен кезде өрттен зардап шекті. Қырықыншы жылдары театрдың құрылысы қайтадан қолға алынды.

1941 жылдың қараша айында театр жұмысын жаңа ғимаратта бастап, сол жылы академиялық мәртебесіне ие болды. 1945 жылы оған қазақтың ұлы ақыны және сазгері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың аты берілді.

2000 жылы театрды қайта құру жұмыстары аяқталды. Негізгі архитектуралық стилі мен декоры сақталып, «Алтын адам» костюмінен алынған элементтер қосылды.

Орны:

Алматы қаласының орталық тарихи бөлігі.

Қызықты деректер:

Ашылу сәтінде театрдың ғимараты Алматыдағы ең ірі және сұлу ғимарат болып есептелетін. Қазақстан архитектурасында алғашқы рет ұлттық ерекшелік қолданды. Безендіруінде қазақ ою-өрнегінің элементтері пайдаланған.

Соғыс кезінде өз жұмысын ойдағыдай жалғастырды: концерттер түнгі мезгілде қойылып, жиналған қаржы фронтқа өткізіліп отырды.

Маңайдағы қызықты орындар:

Панфилов көшесіндегі серуендеу зонасы. 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында орналасқан бірқатар мемориалдар бар. Екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңіске арналған «Ерлік» даңқы мемориалы мен аты аңызға айналған 316-шы атқыштар дивизиясының командиры Иван Панфиловтың мүсінінен бастап, Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлер ескерткішіне дейін. Бұл саябақ тек қана соғыс ардагерлерінің ескерткштерімен ғана қызықты емес. Оның аумағында XX ғасырдың басында салынған тарихи ғимарат, қазіргі Ықылас атындағы халық музыка аспаптары мұражайы (1908 жылғы Офицерлер жиналысы үйі) орналасқан. Сондай-ақ, жақын жерде М. Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Арасан монша кешені және басқа да көптеген қызықты орындар бар.