Алматыға қош келдіңіз!

Travel items. © Tourism Almaty

Алматыға қош келдіңіз!

«Алматыға қош келдіңіз!». Бұл сөз тіркесін қала тұрғындары әрқашан да ерекше ризашылық сезіммен ауызға алады. Қонақжайлылық – қазақстандықтардың қандарына сіңген қасиет. Елдің тарихының өзі қонақжайлылықпен тығыз байланысты қалыптасқан. Әуел бастан көшпелі-номадтар мен қонақ сыйлау дәстүріміз болған. Кейінірек бұл дәстүр қазіргі заман тарихында жалғасын тапты. Ел айдалынып келгендердің, мәжбүрлі түрде қоныс аударулардың, жаппай аштықтан қашулардың бірнеше толқынын бастан кешірді және бұнда әрқашан да адамдарды, олардың дініне, ұлтына және тіліне қарамастан, жылы жүзбен қарсы алып отырды.

Қазіргі Алматы – ұлтшылдықтан ада, заманауи алып шаһар, мәдени астана, іскерлік және туристік орталық. Алматы қаласының атауы алмасы аса көп жер деген ұғымды білдіреді. Жергілікті жастар өз қаласын – Apple city деп атауды әдетке айналдырған. Кеңестік дәуірде қала орыс тілінде «Алма-Ата» деп аталатын. Қазір көпшілік «Алма-Ата» деген сөз «Алматы» атауының өзгерту арқылы қалыптасқан деп ойлайды. Дегенмен, олайша пайымдау дұрыс емес. Бұл – қаланың мүлде басқаша атауы. «Алма-Ата» атауы «алманың арғы тегі» деген ұғымды білдіретін, яғни, қазақтың «алма» және «ата» деген сөздердің қосарлануы арқылы пайда болған. Бұндай алмаға қатысты атауға қала жабайы алманың отаны – «алма ағаштарының мекені» болған жерден әлемнің барлық бұрыштарына таралған алманың 7,5 мың түрінің төркіні болып табылатын Іле Алатауының бауырында орналасуына байланысты ие болды. Алматының символдарының бірі – Алматының апорты – қыркүйек айында пісетін және салмағы 600-800 грамға дейін жететін аңызға айналған әрі дәмі тіл үйіретін аса тәтті алма болып табылады.

Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан, бұл оның аса жұмсақ климатын және аса көрікті келбетін қамтамасыз  еткен. Алматының оңтүстік бөлігі бастары мәңгілік мұздақтармен көмкерілген алып тау шоқыларымен безендірілген. Қала тұрғындарының, өзге өлкелердің күлкіге ұшыратқанына қарамастан, қаланың нысандарының қай жерде орналасқандарын түсіндіру барысында тауды бағдар етіп, «жоғары» және «төмен» деген ұғымдарды пайдаланатындығы осыған байланысты.

Қаланың бір жарым миллионнан астам тұрғыны бар, қазақстандық өлшем бойынша бұл – зор көрсеткіш. Алматы – елдің ең ірі қаласы. Бірақ тұрғындардың мұндай саны қаланы тастан қаланған джунглиге айналдырған жоқ. Халық – тығыз қоныстанған іскерлік орталық пен өткен ғасырда тұрғызылған үйлерінің саны басым қаланың «ескі бөлігі» біртіндеп беделділігі әртүрлі ұйықтауға арналған аудандарға алмасады. Қырық минут ішінде қаланың орталығынан таулардың жабайы табиғатына жетуге болады – бұл Медеу шатқалы және одан бастау алып, сіздерді тау шаңғылы Шымбұлақ шатқалына дейін жеткізетін аспалы жол немесе обсерваториясы мен Үлкен Алматы гүл бағы (сквер) бар, Алма-Арасан шатқалы.

Қаланың көшелері дәстүрлі радиустық құрым мен емес, төрт бұрышты болып орналасуымен ерекшеленеді. Бұл қаланың тау самалымен жақсылап желдетілуін қамтамасыз етеді. Алматы қаласының қонақтары әркез оны «жасыл» қала екенін атап өтеді. Ал, Алматының тұрғындары өз қалаларының көптеген гүл бақтарын, саябақтарын және алуан түрлі өсімдікке толы гүлзарларын заңды түрде мақтан тұтады.

Алматы – бұрынғы елорда, елдің қазіргі мәдени астанасы, өйткені елдегі мұражайлардың, театрлардың, галереялардың, концерт залдарының көпшілігі дерлік осында шоғырланған.

Алматыға қош келдіңіз!