Мәдениет және ата жолы

Travel items. © Tourism Almaty

Мәдениет және ата жолы

Алматы республиканың мәдени орталығы болып саналады. Алматыда 270 мәдени ұйымдары бар. Оның ішінде 14 театр, 7 концерттік зал, 2 филармония, 11 оркестр, 13 ансамбль. Алматыда 32 мұражай, 20 көркемөнер галереясы, 39 кітапхана, 2 Балалар шығармашылығының үйі жұмыс жасайды. Қалада 115 тарихи, сәулетті және монументалды өнер ескерткіштері бар. Сонымен бірге 18 кинотеатр, 920 спорттық құрылыстар, көптеген түнгі клубтар, мейрамханалар мен өзге де ойын-сауық орындары бар.

2011 жылы Алматы Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын жеңіп алды. Қысқы Азия ойындарын өткізу үшін Алматыда қазіргі заман ареналар ансамблі соғылды: 400 метрлі жолы бар мұзды стадион, шаңғы және биатлонды стадиондар, жаңа тау шаңғы базасы, 20 мың көрермендерге арналған трибуналары бар 90- және 120-метрлік трамплиндер, санно-бобслей трассасы.