Ауа райы

Travel items. © Tourism Almaty

Ауа райы

Алматы Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктікте орналасқан. Қала үш жағынан алып таулар қоршап тұрған кең жазықта орналасқан, бұл штильдердің болуына және үнемі самал желдің соғып тұруына әсер етеді. Қаланың климаты күрт континенталдық сипатқа ие, соған орай температура жыл бойы ғана емес, тәуліктің ішінде зор өзгерістерге түсіп отырады.

Егер құрғақ цифрларды қуаламасақ, жылдың қай мезгілінде Алматының көркемірек болатынын анықтау қиын. Қыста жаңа жыл келгенге дейін қар аз  түседі. Бірақ омбы қарлары, ұлпа қарлары және қыстың өзге де қызықтары мол кезең міндетті түрде болады. Қысқы орташа температура – 6°С және аязды кезеңдер күндізгі температура нөлден сәл ғана төмен болатын жылылықпен ауысып отырады.

Көктем күнтізбеге тура сәйкес келеді және наурыз айында бәйшешектерді көруге болады. Күннің  соңғы рет суық болуы мамырдың басында байқалады, дегенмен, сәуір айында бірнеше күннің ішінде ауаның жылынғаны соншалық: алматылықтар жеңіл киімге көшеді. Көктемде жеміс ағаштары түгел гүлдейді, күн күркірейді және ысиды.

Жаз әдетте құрғақ және ыстық, маусым айының орташа температурасы – 24°С. Бірақ күрт континенталдық климатқа орай түнгі және күндізгі температуралардың арасында елеулі айырмашылық болады. Қаладағы жаздың ыстық таулық-жазықтық ауа айналымының әсерінен тау жақтан соққан жел жұмсартады.

Мүмкін Алматыдағы ең таңғажайып маусым күз шығар. Ол өте ұзақ және құрғақ, барлық түске малынған, сондықтан ол «алтын күз» деп аталады.

Алматыда күннің айрықша белсенді екенін қаперде ұстаған жөн, сондықтан күнге күюден қорғайтын креммен және күннен сақтандыратын көзілдірікті алдын ала дайындап қою керек.