Шоппинг

Travel items. © Tourism Almaty

Шоппинг

Қаланың ешбір қонағы, тіпті ол шопингті онша ұнатпаса да, сауда орталығының қызметін пайдаланудан бас тарта алмайды. Өзінің қандай мақсатпен келгеніне қарамастан, ол «Көк базарда» болады. Бұл дәмдеуіштің иісі аңқыған, үйілген тауарлары көз қуантатын шығыс базарының атмосферасына енуі болып табылады. Мұнда сатуға ұсынылған заттың дәмін татып көруге және саудаласуға болады. Мұнда базарлықтан бастап күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды сатып алуға, адамдармен тілдесуге болады. Сатушылар тауарларын тықпалай беруге құмар емес, сондықтан көк базарды аралау көптеген шолулық экскурсиялардың  бағдарламасына енгізілген. Бұл жерде жыл бойы алманың атақты түрі болып табылатын Алматының апортын тауып, дәмін татуға, сатып алуға болады.

Қаланың шағын күндерінен күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды шектеулі баға бойынша сатып алуға болады. Бірақ соңғы кездері ірі сауда орталықтарында шопинг жасау жалпыға бірдей дағдыға айналған. Олар әлемдік дәстүрге сәйкес шопинг пен көңіл көтеруді ұштастыра отырып ұйымдастырылған. Бұндай орталықтардың шаңырағының астына фуд кордтан өзге кинотеатрлар, аквапарктер, боулингтер орналасқан. Әлемдік брендттердің Алматыда айтарлықтай қымбат екенін айтуға тиіспіз, дегенмен, бұл жерде отандық дизайнерлердің бутиктерін де кездестіруге болады. Олар дайындалған киім-кешекті оңаша жағдайда, қалың нөпірге араласпай-ақ сатып аласыз. Сонымен қатар Алматыда Орталық Мемлекеттік мұражайында тұрақты түрде, орталық Мемлекеттік мұражайда жылына екі рет және «Жетісу» қонақ үйінің жанында, Орталық әмбебап дүкеннің қарсы бетінде айдың соңғы күндері қолөнершілер әзірлеген бұйымдардың жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл жиындар Қазақстанның аса талантты қолөнершілерінің ғана емес, Орталық Азияның барлық түкпірінен келген шеберлердің де бастарын қосады. Дәстүрге орай жәрмеңкелерде керамикалық, киізден жасалған бұйымдар, сәндік заттар әртүрлі, соның ішінде ұлттық нақыштағы, жасау-жабдықтар сатылады. Жалпы Республикада халықтың ежелден келе жатқан қолөнер кәсіптерінің дамуына баса назар аударылады. Сонымен бірге Алматы қаласының базарларында ең талантты шеберлер жасаған бұйымдардың таңдаулы үлгілері ұсынылатынымен мақтана алады. Айтпақшы, Орталық әмбебап дүкен туралы. Орталық әмбебап дүкен (қазір «Заңғар» сауда үйі) 1961 жылы пайдалануға берілді және кеңестік дәуірде Алматы қаласындағы ең танымал дүкен болған. Өзінің аса ыңғайлы жерде орналасқанына орай ол – бүгінгі күндерде тұтынушылар көп келетін орталық. Қала тұрғындарының көпшілігі арзан тауар алу үшін «Барахолкаға» аттанады, бұл – өте үлкен базар, қаланың ішіндегі қала. Онда ненің қай жерде сатылатынын білетін жолбасшы бірге барған дұрыс. Мұнда саудаласу дәстүрге айналған және «Аяқтарыңды алыңдар, жол беріңдер», – деген фольклорлық сөз тіркестерін  жиі естуге тура келеді.

Әдетте, Алматыға базарлық ретінде дәмдеуіштер, киізден жасалған бұйымдар, төсек жапқыштар, керамикадан сомдалған бейнелер және міндетті түрде сыйлық магниттер әкелінеді.