Тунгі клубтар

Travel items. © Tourism Almaty

Түнгі клубтар

Алып шаһардың тіршілігі қараңғылық түскен соң да саябырсымайды. Түнгі сағат екінің кезінде де көшедегі машиналардың саны кешкі сағат тоғыз уақытындағыдан азаймайды. Дүкендер кешкі 20-22 сағаттарға дейін жұмыс істейді. Кинотеатрлар түннің ортасына дейін қызмет атқарады. Олардың жұмыс кестелерімен www.kino.kz сайты арқылы егжей-тегжейлі танысуға болады. Кафе мен мейрамханалар соңғы клиентін шығарып салғанға дейін ашық тұрады. Айтпақшы, қалалықтар ашық алаңдарда отырғанды өте жақсы көреді, күндізгі ыстық түнгі салқынға ауысқан сәттерде тұтынушыларға міндетті түрде жылы жамылғылар ұсынылады. Сауық-сайранға толы түндердің әуесқойлары саны өте көп, әралуан бағыттағы – ретро, байсалды стильдердегі әртүрлі шоу бағдарламалары бар түнгі клубтарға бара алады (бағдарламалар кестесінен осында www.nigt.kz және www.fotosnaiper.kz сайттары арқылы танысуға болады) . «Ересектер үшін» арнаулы клубтар бар. Айтпақшы, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша толық стриптизге тыйым салынған, тек топлестің ғана өнер көрсетуіне рұқсат етіледі. Ойынханалар қаладан тыс жерлерге көшірілген және бағын сынап көруге құмар адамдар Алматыдан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шағын қала Қапшағайға аттанады, онда казино соғу үшін жер бөлінген.

Кешкі және түнгі Алматыны аралаудың өзі – субұрқақтардың түрлі-түсті жарыққа қосыла төгілген әуендері, хош иісті гүлзарлар, күндізгі қарбалас тіршілік қамынан босаған қаланың ауасы Сіздерді мәңгі ұмытылмас жақсы әсерге бөлейді.