«NOMAD» этноорталығы Алматы облысы, Үшқоңыр тауының етегінде ашық аспан астында орналасқан бірегей тарихи-этнографиялық кешен – бұл көшпенділердің дәстүрлі мәдениетіне терең бойлау. Қайта жаңғырған тарихты қонақтар көріп қана қоймай, белсенді қатыса алады.

Оның құрылуына Ұлы даланың көшпелі тайпаларының – сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, түркілердің, қазақтардың және т.б. көпғасырлық дәстүрлері, мәдениеті мен тұрмысы негіз болды. Мұнда әркім қылшықты және қылшықсыз кілемдерді тоқуды, киіз басуды, дәстүрлі қазақтың тағамдарын әзірлеуді үйреніп, кейіннен дәмін тата алады.

Сондай-ақ қараңыз